День языков народа Казахстана

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

Теміртау қаласының №17 жалпы білім беретін орта мектебінде  өткен «Қазақстан   Республикасы Халықтарының Тілдер мерекесіне» арналған ««Сүйемін туған тілді-анам тілін» атты  фестивальі.

 

Тіл мерекесіТеміртау қаласының №17 жалпы білім беретін орта мектебінде  «Қазақстан Республикасы Халықтарының Тілдер мерекесіне» арналған ««Сүйемін туған тілді-анам тілін» атты  фестивальдің  ашылуы болып өтті. Фестиваль әнұранмен басталып, үш тілде өрбіді.Иә, тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Өйткені тіл байлығы –  әрбір елдің ұлттық мақтанышы болып саналады.Біздің кең байтақ қазақ  жерінде 130-дан астам  ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады. Олардың баршасы  қонақжай қазақ халқының  биік те бейбіт шаңырағының астында тату- тәтті  өмір сүріп, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып, әр салада табысты да жемісті еңбек етуде. Тілдер күніне арналған іс-шараға осы ұлттар  арасындағы татулық пен келісім арқау болып, түрлі этнос өкілдері өздерінің туған тілдерінде өлең оқып, ән-жырдан шашу шашып, тамаша өнерлерін  көрсетті.Ең бірінші болып мектебіміздің директоры  Т.Б.Ахметжанова  сөз алды:

    «22-қыркүйек-Қазақстан  Республикасы халықтарының тілдер мерекесі құтты болсын.Әрбір адам тілін көзінің қарашығындай қорғауға,оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да  қарсы тұруға тиіспіз.Біздің мектепте 12 ұлт өкілі білім алуда.Тіл-татулық тірегі»

        Іс-шара барысында бұдан басқа да ұлт өкілдері орыстар,татарлар,шешендер,грузиндер,украиндар,италияндықтар өз ана тілдерінде ән айтып, би биледі.

        Мектептің бірінші қабатын  тақырыптық қабырға газеттерін шығарып безендірді.Орыс тілінде оқытылатын бастауыш сыныптар арасында «Мың бір мақал » сайысы болып өтті.Сайыста  4 «А» сынып жеңімпаз болды.5 сыныптар арасында  «Білімділер сайысы» қызықты өтті.5-11 сыныптар арасында ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абай-дара,Абай-дана» тақырыбында шығармалар байқауы болды.Байқаудың қорытындысы бойынша 9 сынып оқушылары Тұрғанбаева А.,Калиева А.,Абилова Д.8 сынып оқушылары  Маулиева А.,Дюсупова Л. Жүлделі орындар иеленді.

    Тіл – адам қатынасының  аса маңызды құралы екені даусыз.Тіл –атамыздан қалған асыл мұра. Қазақстан халықтарының тілдер күні  елімізде мекендейтін барша халықтардың тілдер мерекесі болғандықтан достық пен татулық идеясын насихаттау,елжандылық пен жалпы адамилық қасиеттерге үндеу мәселесі біздің мектебімізде жүзеге асып, өзінің лайықты орнын табуда.  Оған осы мерекелік шара дәлел деуімізге толық негіз бар.Өйткені оқушылар  белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетіп,  қызықты да әсерлі кеш өткізді.

Құрастырған  Р.К.Катпатаева

Добавить комментарий