Жаңа жыл құтты болсын

nurotan-news-1388473762_0

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады. Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Халық арасында «Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады » деген сөз бар. Достар, біз де өпке-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, екі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңді сұраймын. Лайым Жаңа жыл барлықтарыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, көбейіп, Алла тағала жылдан жылға аман-есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін! Жаңа жыл құтты болсын!

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/tilek/4852-mereke.html
© www.ZHARAR.com

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні

images

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 2* жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/scenarii/2090-jeltoksan_16.html?Like
© www.ZHARAR.com